Журналдың редакциялық саясаты
«Университет хабаршысы» ғылыми журналының негізгі мақсаты – негізгі үрдістерді, ғылыми зерттеулердің бағыттары мен нәтижелерін көрсету арқылы отандық ғылымның дамуына жәрдемдесу, бейіндік тақырып бойынша мақалаларды топтастыру, сол арқылы Қоғамның халықаралық және Ұлттық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі жетекші рөлін қамтамасыз етуге ықпал ету.
Ғылыми жарияланымдардың негізгі бағыттары
- Техникалық және физика математикалық ғылымдар сериясы: физика, математика, ақпараттық технологиялар, материалтану, техника және технология.
- Жаратылыстану ғылымдары сериясы: химия, биология, экология, география, тіршілік қауіпсіздігі негіздері, орман шаруашылығы.
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар сериясы: тарих, археология, философия, саясаттану, мәдениеттану, әлеуметтану, дінтану, халықаралық қатынастар, филология, журналистика, Алтайтану.
- Экономика және құқық сериясы: экономика, эконометрика, статистика, қаржы, есеп және аудит, бизнес және менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, туризм, мемлекет және құқық теориясы, заң ғылымының өзекті мәселелері.
- Психология және педагогикалық ғылымдар сериясы: педагогикалық ғылымның тарихы, заманауи білім беру әдіснамасы, мамандарды кәсіби даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері, психологиялық-педагогикалық зерттеулер, электрондық оқыту және қашықтықтан білім беру, салыстырмалы білім беру, білім беру менеджменті, ЖОО-лардың инновациялық дамуы, инклюзивті білім беру.
Кезеңділігі
Журналдың шығу жиілігі-жылына 4 рет.
Мақалаларды жариялау шарттары
Ғылыми мақалалар жыл бойы online мақала беру жүйесі арқылы қабылданады және жариялауға қабылдау үшін тексерудің үш сатысынан өтеді:
— журналдың тақырыбы мен талаптарына сәйкестігін тексеру;
— плагиат пен әділетсіз көшіріп алуды тексеру;
— мақалаларды рецензиялау.
Мақаланы жариялауға қабылдау кезінде автор (авторлар) жарияланым үшін ақы төлейді. Жариялау құнын (баға прейскуранты) басқарма төрағасы-ректор бекітеді және журналдың сайтында орналастырылады.
Журнал мынадай негізгі қағидаттар мен жарияланым этикасына сәйкес шығарылады:
Журналдың редакциялық алқасы өз жұмысында кәсіби шеберлік, объективтілік, ғылыми, бейтараптық, әдептілік, құпиялылық, жарияланымдарды қадағалау және ықтимал мүдделер қақтығысының алдын алу ұғымдарын қамтитын ғылыми жарияланымдардың халықаралық этикалық ережелерін басшылыққа алады. Редакцияның авторлармен өзара іс-қимылы ашықтық, адалдық, сыпайылық, әділдік және объективтілік қағидаттарына негізделеді.
Жарнамалық және редакциялық жарияланымдардан басқа, журналдың барлық мазмұны міндетті түрде рецензияланады. Қолжазбалар жариялауға дайындық процедурасынан өтеді.
Ақпараттық ашықтық
Журналдың сайтында жарияланымның ақпараттық ашықтығына сәйкес баспа, редакциялық алқа, ғылыми мақалаларды рецензиялау және жариялау туралы ақпарат, өзге де ақпарат ашық түрде жарияланады.
Басылымның жасалуына елеулі үлес қосқан адам автор болуы керек. Барлық авторлар жариялауға келісім беруі керек. Авторлық құқық ҚР заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес сақталады.
Ғылыми мақалаларды рецензиялау автордың дербес деректерін көрсетпей 2 рет рецензиялау арқылы жүзеге асырылады
Ғылыми мақалаларды рецензиялауды тиісті саланың және мақала тақырыбы бағытының кемінде 2 (екі) рецензенттері жүзеге асырады.
Журналда мақалаларды жариялау мүмкіндігі туралы қорытынды тәуелсіз ғалымдардың, соның ішінде шетелдік ғалымдардың дербес деректерін көрсетпей рецензиясының негізінде шығарылады.
Рецензент мақаланың ғылыми бағытына сәйкес келуі және жарияланатын мақаланың мазмұнына жауапты болады. Мақалалар рецензенттерге автор(лар) туралы мәліметтер көрсетілмей ұсынылады. Рецензент жіберілген мақаланы алған сәттен бастап екі апта ішінде қарауы тиіс. Рецензия мақала авторына(ларына) рецензенттер туралы мәліметтер көрсетілмей ұсынылады.
Журнал шығарылымдарын мұрағаттау және қол жетімділік
Жариялау үшін қабылданған барлық мақалалар журналда және журналдың сайтында, сондай-ақ индекстелетін деректер базасының сайттарында орналастырылады.
Журнал нөмірлерінің мұрағатына кіру ашық қолжетімділік (Open access) қағидаты бойынша тегін негізде жүзеге асырылады.
Жарияланған нөмірлердің мұрағатын ресми сайттан шығарылым нөмірі мен жылына сәйкес табуға болады.
